Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын
сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы
МӘЛІМДЕМЕСІ
Іскер әйелдер қауымдастығы депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдіреді. Бүгінде ел алдында Елбасы ұсынған бес институттық реформа мен қолданыстағы заңнамаларды өз деңгейінде жүзеге асыру міндеті тұр. Сондай-ақ, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен түрлі сын-қатерлерге қарсы күш біріктіре отырып, тиісті шараларды қолға алу ісі де өзекті. Сондықтан да біз үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, содан кейін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жаңа қарқынмен кірісу маңызды.