• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

«Қазақстан Машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

270 рет
көрсетілді

«Қазақстан Машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз, «Қазақстан Машина жасаушылар одағы» ЗТБ мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдаймыз. Қатарымызға еліміздегі ірі өндірістік кәсіпорындарды және маңызды еңбек ресурстарын біріктіре отырып, біз Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында қарастырылған кешенді шараларға толық қолдау білдіреміз. Парламент Мәжілісінің V шақырылымы дағдарысқа қарсы бағдарламаны енгізу үшін заң шығарушы базаны қалыптастыру және қоғам өмірін ауқымды реформалауды жүргізу арқылы өзінің басты міндетін орындады деп санаймыз. Мерзімінен бұрын сайлау – еліміздегі саяси партиялар үшін реформаларды жүзеге асырудың алғашқы сатысында-ақ халықтың сеніміне ие болуға және дағдарысқа қарсы шараларды енгізу жөнінде өздерінің тиімді тәсілдерін ұсынуға таптырмас мүмкіндік. Сондықтан барлық азаматтарды Парламент Мәжілісінің мер­зімінен бұрын сайлауын өткізу жөніндегі депутаттардың бастамасын қолдауға шақырамыз.