• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Көшпелі алқа мәжілісі

261 рет
көрсетілді

Тараз гарнизонында Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа мәжілісі өтті. Оған Қорғаныс министрлігі бас­шы­лығының өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, «Оң­түстік» өңірлік қолбасшылығы құра­малары мен бөлімдерінің басшылары қатысты. Көшпелі отырыс практи­касы алғаш рет енгізіліп отыр. «Оңтүстік» өңірлік қолбас­­шылығында өткізіліп жатқа­ны да жайдан-жай емес. Өйт­кені, оңтүстік бағыт страте­гиялық бағыттардың бірі болып табылады. Осыған бай­ла­нысты, «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшы­лығының әскер­леріне Мем­лекет басшы­сы­ның, сондай-ақ, Қорғаныс министр­лігінің тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. «Осы жылы «Оңтүстік» өңір­лік қолбас­шы­лығында алғаш­қы алқа мәжілісін өткізуі­міз кездейсоқ емес. Себебі, бұл жауынгерлік, же­дел-аумақтық және жұмылдыру жағынан ең ірі құралым болуымен бірге, Қарулы Күштері­міз геосаяси ауқымда елді қорғау жөнінде жауын­герлік тапсырмаларды орындайтын маңызды стратегиялық шеп», – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауын­герлік қабілеттілігі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей байланысты. «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығының әскер­леріндегі осы тұстағы мәсе­лелер бүгінгі отырыстың не­гізгі себебі болды. Осыған бай­ланысты, «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығы құрама­лары мен бөлімдерінің әске­ри тәртібі мен құқықтық тәрті­бінің жай-күйі туралы мәселе қарауға ұсынылды. «Ұдайы жауынгерлік әзірліктегі барлық бөлімшелер жедел ден қоюдың ұжымдық күштері режімінде әрекет етуі тиіс. Бұл туралы Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің басшылық құрамымен жуырдағы кездесуі барысында ерекше қадап айтты. Бұл факт басшылықтың Жоғарғы Бас қолбасшының талаптарына сай келуін ғана емес, жауынгерлік қабілеттіліктің жоғары дәрежесінде болуын да міндеттейді», – деп ерекше атап өтті Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Көшпелі алқа мәжілісінің маңызды аспектісі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығын әрі қарай жетілдіру жөнінде өзекті мәселелерді көтеру және шешу болғанын айта кету қажет. Сондай-ақ, тәрбие жұмысының функционалдығы мен пәндік жүйелендірілуін арттыру мәселелері қозғалды. «Егемен-ақпарат».