• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Зейнеткер сотқа өзі келді

274 рет
көрсетілді

Шымкентте көп балалы ананы қағып өлтірген жүргізушіні полицейлер таба алмаған. Базар маңындағы бейнекамералар арқылы да, куәгерлер арқылы да ізіне түсе алмай пұшайман болып отырғанда күдіктінің өзі келді. Зейнеткер – 78 жас­та. Әрине, әдейі қақпаған. Абайсызда болған оқиға. Куәгерлердің айтуы бойынша, базарда нан сатып отбасын асырап жүрген 32 жастағы Бақытгүл Әбдиева қатты соққыдан он сегіз метрге дейін ұшып кеткен. Шиеттей бес баласы бар келіншек дереу ауруханаға жеткізілгенімен, жа­ра­қаты аса ауыр болғандықтан жан тапсырған. Оқиға орнынан қашып кеткен қарт жүргізушіге ар азабы тыныштық бермесе керек. Енді осы факт бойынша ҚР ҚК 345 және 347-баптарына сәйкес зейнет­кердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.