• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Асық ойнайтын алғашқы тақта

482 рет
көрсетілді

Павлодар облысы, Качир ауданы, Трофимовка орта мектебінде жұмыс істейтін мұғалім Берік Әбді­рахманов балалардың асық ойнаулары үшін арнайы тақта жасап берді. Ол осылайша еліміздегі осындай ең алғашқы асық үстелінің өмірге келуіне мұрындық болды. Идея авторының айтуынша, үстелдің диаметрі бір метрді құрай­ды екен. – Мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесі жұмыс жасайды. Онда сол сияқты дойбы, шахмат және асық ойындары да үйретіледі. Мұндағы әр ойынның өзіне тән арнайы үстелі бар, ал асықта он­­дай мүлік болған емес. Сон­дық­тан арнайы үстелді жасап шы­ғуға тәуекел еттім, – дейді Б.Әбдірахманов. Трофимовка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып еңбек ететін Берік Әбдірахмановтың айтуынша, ол осымен асық ойнайтын үстелдің үшінші түрін өмірге келтірген. Оның бұдан бұрын да екі түрін жасап шығарған көрінеді. – Бірінші түрі төрт бұрышты болған еді, кейін оны сегізбұрышты етіп жасадым. Алайда, шеңберлісі ең ыңғайлысы деген тұжырымға келдім. Алдағы уақытта мұны да түрлендіру ойымда бар. Себебі, ұтып алған асықтарды орналастыратын арнайы жерлер жоқ. Үстел ханталапай ойынына арналған, – дейді 37 жастағы автор. Шебер келешекте қазақтың ұлт­тық ойыны – сақаны да үйір­меге енгізбекші. Ол бұл үшін далада өткізілетін ойынға арнайы орын да белгіленіп қойған. Бұған қоса, мектеп мұғалімі түрлі асық ойыны бойынша мек­тепішілік жарыстар өткізіп тұрады. Оған арналған кубокты да өзі жасап алыпты. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.