• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Комедия актері ел басқарады

314 рет
көрсетілді

Бұдан былай Орталық Америкада орналасқан Гватемала мемлекетін комедия актері Джимми Моралес басқарады. Бүгінде ол президент лауазымындағы жаңа қызметін бастап кетті. Жергілікті телевидениенің хабарлауынша, ұлықтау рәсімі ел астанасы – Гватемала қаласындағы ұлттық театрда өткен. Салтанатты жиында Джимми Моралес ант қабылдап, президенттік лента­ны қабылдап алды. Аталған рә­сімге он шақты мемлекеттің басшысы, сондай-ақ, АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден қатысты. Д.Моралес 2015 жылдың қазан айында өткен сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетіп, Гватемаланың 50-ші президенті атанды. Негізі гватемалалықтар үшін Д.Моралес бірінші кезекте комедия жанрындағы актер әрі режиссер ретінде жақсы таныс. Актердің жергілікті телеарналардың бірінен жексенбі сайын беріліп отыратын әзіл-оспақ бағдарламасы зор сұранысқа ие. Сондай-ақ, 46 жас­тағы саясаткер, төрт баланың әкесі кәсіпкерлікпен де айналысады. Одан бөлек, су жаңа президент қорғаныс және қауіпсіздік салалары бойынша мамандықтардың магистранты екенін де атап өткен жөн. Саяси сахнадағы қадамын ен­ді бастаған Моралес жаңа қыз­ме­тінде Гватемала үшін ең ма­ңыз­ды мәселенің бірі – сыбайлас жем­қор­лықпен күрес жүргізуге уәде берді. Сондай-ақ, ол жұмысының ең бас­ты бағыты ретінде әлеуметтік жағ­­дайы нашар жергілікті халық­тың азық-түлік мәселесін шешу, білім беру жүйесіндегі өзекті сұ­рақ­тарды қолға алу және кәсіп­керлікті да­мытуға қолғабыс жасау екенін атап көрсетті. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».