• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Ди Каприо Владимир Путиннің рөлін ойнағысы келетінін айтты

313 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 қаңтар. Белгілі Голливуд актері Леонардо Ди Каприо немістің Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің рөлін сомдағысы келетінін айтты. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Путиннің рөлі өте сәтті болады деп ойлаймын. Мен Ресей Федерациясы президентін ойнауға қуана келісер едім», – дейді актер. Сондай-ақ, Ди Каприо бірнеше жыл бұрын Санкт-Петербургте сібір жолбарыстарын құтқару жөніндегі форумда Владимир Путинмен кездескенін еске алды. «Менің қорым аталған жабайы мысықтарды қорғау жөніндегі бірнеше жобаларға қаржылай қолдау көрсетті. Кездесуде Путин екеуміз тек осы ғажайып аң туралы айтып, әңгімемізге ешқандай саясатты қосқан жоқпыз», – деген кино жұлдызы Ресей тарихына қайран қалатынын жеткізді. «Меніңше, Лениннің образы да фильмге сұранып тұр. Одан бөлек Распутиннің рөлін де ойнағым келеді. Мен орыс тарихы туралы фильмдер көп болуы керек деп санаймын», – дейді даңқты актер. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: РИА «Новости».