• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Тұңғыш рет Тайвань басшылығына әйел адам сайланды

380 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 қаңтар. Тарихта тұңғыш рет Тайвань әкімшілігінің басшысы болып әйел адам сайланды. Сайлауда оппозициялық Демократиялық өрлеу партиясының жетекшісі, 59 жастағы Цай Инвэньді сайлаушылардың 58,1 пайызы қолдап, дауыс берді. Бұл туралы Interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайлаудың соңғы қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Соған қарамастан, Цай Инвэньнің басты қарсыласы, сайлауға қазіргі билеуші партия «Гоминьданның» атынан қатысқан Эрик Чу жеңілгенін мойындады. Ол алдын ала нәтиже бойынша 32,5 пайыз дауыс жинап, екінші орынға табан тіреген. Эрик Чу жақтастарына жасаған мәлімдемесінде: «Біз жеңілдік. Өте өкінішті. «Гоминьдан» сайлауда жеңіліс тапты. Біз лайықты деңгейде жұмыс жасай алмадық. Сондай-ақ, сайлаушылардың сенімін де ақтамадық», – деді. Айта кетейік, Тайваньда әкімшілік басшысымен қатар, жергілікті парламенттің 113 мүшесін сайлау науқаны да өтті. Еламан Қоңыр. Дерек: Interfax.ru. Сурет: reuters.com.