АСТАНА. 17 қаңтар. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының және ЖСШММ «Қайрат» клубының ойыншысы Зарина Турдиева қайтыс болды. 23 жастағы футболшы қыз белгісіз себептермен өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы prosportkz.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жас, алдына мақсат қоя білетін, өмірге құштар қыздың мұндай әрекетке баруына не итермелегенін ойлаудың өзі қиын. Ол ЖШСММ «Қайрат» клубының сапында Қазақстан чемпионаты мен Чемпиондар лигасындағы шебер ойынымен есімізде қалды», – делінген хабарламада.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: prosportkz.kz.