• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2016

Баскетбол. «Астана» өз алаңында «Нижний Новгородтан» басым түсті

269 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 қаңтар. Бүгін «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде өз алаңында Ресейдің «Нижний Новгородын» қабылдап, 101:79 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бірінші кезеңде «Астананың» басымдығы анық байқалды. Нәтижесінде бұл бөлікте біздің команда 34:25 есебімен басым түсті. Есесіне, екінші кезең қонақтардың белсенділігімен өтті. Жүйелі ойын өрнегін көрсете білген ресейліктер үлкен үзіліске дейін есеп айырмасын 4 ұпайға дейін қысқартты (55:51). Алайда, жеңіске деген жігерлігімен көзге түскен астаналықтар қалған екі кезеңде өз пайдаларына тиісінше 25:17 және 21:11 есептерін тіркеді. Осылайша, жалпы есепте 22 ұпай басымдығымен (101:79) жеңіске жеткен Рамунас Бутаутастың шәкірттері жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Ойын барысында «Астана» сапынан Джерри Джонсон мен Патрик Калатес шеберліктерімен көзге түскенін атап өткен жөн. Осы маусымда лига аясында 15 ойын ойнаған командамыз бүгінде турнир кестесінде 13-орында келеді. Елордалықтар лига аясындағы келесі кездесуін 24 қаңтар күні қонақта Эстонияның «Калев» командасымен өткізеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: bcastana.kz.