• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2016

Сьерра-Леонеде эбола індеті қайта белең алды

243 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 қаңтар. Африканың батысында орналасқан Сьерра-Леоне мемлекетінде эбола індеті қайта жандана бастады. Соған орай бүгінде осы елде 100-ге жуық адам оқшауланды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елде эбола індетінен тағы да адамдардың қаза табуы тіркеліп, 16 қаңтар күні 100-ден астам адам карантинге алынды. «Франс Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, індет салдарынан көз жұмған қызбен қарым-қатынаста болуы мүмкін деген барлығы 109 адам оқшауланған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 қаңтар күні Сьерра-Леонеде өте қауіпті эбола індетін қайта жұқтыру дерегін растады. Бұдан бұрын індеттің батыс Африкада толығымен тоқтатылғаны туралы мәлімделген еді. Дерттің құрбаны болған 22 жастағы тұрғын қауіпті індетпен жыл басында ауырып, 12 қаңтар күні көз жұмған. Дәрігерлер бойжеткенмен қарым-қатынаста болған 27 адамды анықтаған. Осының өзі індеттің қайтадан тарап кету қаупін тудырып отыр. Айта кетейік, эбола індеті 2014 жылы ақпанда Гвинеяда анықталған еді. Кейіннен індет көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияға тарады. Қауіпті дерттіңсалдарынан осы үш елде 11 мың адам қайтыс болып, 28 мыңнан астамы жұқтырған. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: tonkosti.ru.