АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Алматыда соңғы бес-ақ күн ішінде қала бойынша 2 204 007 дана «Оңай» картасы таранзакцияланып (ағыл. тransaction – келісім, шарт) , 139 257 500 теңге айналымға түсті. Бұл туралы «Алматы көлік қатынастары холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметіне сүйеніп egemen.kz хабарлады.
Осыған орай жолаушылардың жолақысын карталық жүйемен төлеу тәсілін қадағалайтын бақылаушылар тобының саны арттырылды. Алғашқы апталарда «Оңай» жүйесімен жұмысқа кіріскен Алматының жолаушы тасымалдау кәсіпорындары табысының 60 пайызына дейін жоғалтқаны мәлім. Алайда, жаңа жүйе күн санап өзін ақтай бастады.
Қаңтар айының 11-нен бастап Алматы қаласының жолаушылар тасымалдайтын көліктері толық «Оңай» желісі арқылы жұмыс істеуге көшті.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz