ҚАРАҒАНДЫ. 18 қаңтар. Қарағанды қаласында төбелесіп жатқандарды тәртіпке шақырған полиция қызметкері таяққа жығылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға облыс орталығындағы «Гранат» караоке-барында орын алған. Төбелескен екі жігітті жөнге салу үшін шақыру бойынша жеткен полиция қызметкерлеріне 23 жастағы бұзақы қатты қарсылық көрсеткен. Атап айтқанда, ол Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы полкінің сержантына қол жұмсап, дене жарақатын салған.
Қазіргі уақытта осы оқиаға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің спиртті ішімдік ішкен-ішпегені тексерілгеннен кейін, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатылды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: egemen.kz.