• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2016

Алматыда 1999 жылы туған бозбалалар әскери есепке алынады

310 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 қаңтар. Алматыда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында 1999 жылы туылған жеткіншектердің саны мен әскери қызметке әзірлік дәрежесін айқындау үшін әскери есепке алынады. Жергілікті әскери басқарудың атқару органдарының шешімі бойынша азаматтардың жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссия құрылады. Медициналық комиссияның шешімі бойынша бозбалалардың денсаулық жағдайы тұрғысында шамалы шектеулер табылса, оларды емдеу мекемелеріне жолдайды. Тіркеу барысында тәрбие-патриоттық сипатқа ие ҚР ҚМ жоғары оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Шақырылуға дейінгі бозбалалар әскери есепке алынудың бірқатар қағидаларын сақтауы тиіс. Ережені бұзған кезде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Келесі жылы олар жаңа құжат, яғни, тіркеу куәлігімен барады және олар үшін бұл комиссия шақыру комиссиясы болып аталады. Жыл басынан Қазақстанда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталғанын естеріңізге сала кетейік. 2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында  әскери есепке 1999 жылы туылған 100 000-ға жуық қазақстандық қабылданады. Тіркеу жергілікті атқару органдарының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы жүзеге асырылады.  Олардың шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия құрылады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.