• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2016

«Astana Arlans» алғашқы жекпе-жегін өткізеді

308 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 қаңтар. 23 қаңтар күні «Астана арландары» жартылай кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымының алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы күні «Астана арландары» Әзербайжанның «Baku Fires» командасымен кездеседі. Жекпе-жек Қарағанды қаласында өтеді. Биылғы маусымда «Астана арландары» D тобында күш сынасады. 2010 жылы алғаш рет тұсауы кесілген жобаға биыл айтарлықтай өзгерістер енді. Бүкіләлемдік бокс сериясының басшылары жарысқа қатысуға ниет білдірген он алты команданы төрт топқа бөлді. «Астана арландары» командасы жеребе қорытындысы бойынша Әзербайжан, Өзбекстан және Пуэрто-Рика клубтарымен бірге D тобына түсті. А тобы: Куба, Украина, Түркия, Қытай; В тобы: Мексика, Марокко, АҚШ, Ұлыбритания; С тобы: Ресей, Аргентина, Польша, Венесуэла; D тобы: Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Пуэрто-Рика; Былтырғы маусыммен салыстырғанда биыл командалар санында өзгеріс жоқ. Алайда, жобаға тағы екі команда қосылды. Түркия командасы араға үш жыл салып, жарысқа қайта оралды. Соңғы рет түріктер 2011/2012 жылғы маусымда қатысқан.  Сондай-ақ, биылғы додада тұңғыш рет өзбекстандық команданың боксын тамашалаймыз. Өзбек боксшылары «Астана арландарымен» D тобында қолғап түйістіреді. Түркия мен Өзбекстан командалары Алжир мен Италия командаларының орнын басты. Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымына арналған ереже бойынша әр топтан үздік шыққан екі команда жарыстың ширек финалына шығады. Топтық бәсекенің жекпе-жектері олимпиялық айналым бойынша өтеді. Күні Командалар 23.01. «Astana Arlans» (Қазақстан) «Baku Fires» (Әзірбайжан) 06.02.  «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто-Рика) «Astana Arlans» (Қазақстан) 26.02. «Uzbek Tigers» (Өзбекстан) «Astana Arlans» (Қазақстан) 04.03. «Baku Fires» (Әзірбайжан) «Astana Arlans» (Қазақстан) 19.03. «Astana Arlans» (Қазақстан) «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто Рика) 02.04. «Astana Arlans» (Қазақстан) «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)   Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «Astana Arlans» жартылай кәсіпқой бокс клубы.