• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2016

Қызылордада 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

584 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. Қызылордада «Түнгі қала» іс-шарасы барысында 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтқанда, мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша барлығы 47 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасау дерегі бойынша – 3 (204-бап), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу дерегі бойынша – 17 (440-бап),  тыныштықты бұзу дерегі бойынша – 2 (437-бап), қоғамдық орында темекі шегу дерегі бойынша – 6 (441-бап), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру дерегі бойынша – 4 (442-бап, 2-тармақ), ұсақ бұзақылық дерегі бойынша – 4 (434- бап) және абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша 6 (505-бап) құқық бұзушылықтар анықталды. Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 78 дерегі анықталды. Оның ішінде, көлік құралын құжатсыз басқарудың – 5 (612-бап), көлік құралының терезелерін қараңғылатудың – 1 (590-бап, 5-тармақ), қауіпсіздік белдігін тақпай басқарудың – 23 (593-бап, 1-тармақ), маневр жасау қағидаларын бұзудың – 4 (595-бап, 1-тармақ), көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануға байланысты – 3 және тыныштықты бұзуға қатысты 2 (437-бап) дерек тіркелді. Іс-шара барысында айып алаңына барлығы 15 автокөлік жеткізілді, оның ішінде құжатсыз басқарғаны үшін – 9, мемлекеттік белгісі жоқ көлікті басқарғаны үшін – 1 және сот қаулысымен 5 автокөлік қойылды. Аталған іс-шара алдағы уақытта әр аптаның сенбі күні өткізілетін болады. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: mvd.gov.kz.