• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында сәбидің өліміне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды

223 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 19 қаңтар. Жамбыл облысы, Талас ауданында көлікте босанған қыз жүктілігін корсетпен жасырғаны анықталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокурорының көмекшісі Ермек Қуанышев хабарлады. Тергеу қорытындысына сәйкес, мұғалімдер босануға шақ қалғанша мектепке келіп жүрген өз оқушысының жүктілігін білмеген. Қыз жаңажылдық іс-шараларға қатысып, хорда ән салған. Қысқы каникулдардан кейін, босануына бір күн қалғанда, 12 қаңтарда сабаққа барған. Кейін оның өз жүктілігін жасыру үшін корсетпен келіп жүргені анықталды. Оны асырап алған ата-анасы малды ауылда болып, оныншы сыныпта оқитын қызының жүкті екенін білмепті. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов қыздың 2015 жылдың сәуір айында скринингтік тексеруден өткенін айтады. Бірақ жүктіліктің белгісі байқалмаған. Кәмелетке толмаған қыздың оқиғасынан кейін Талас аудандық Үшарал орта мектебінің директоры өз қалауымен қызметінен кеткен. «Мектеп директорымен бірге жұмыстан кету туралы арызды Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі Санат Әшірбеков те жазды. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісі жұмыстан босатылады», дейді Ермек Қуанышев. Ал, облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев аппарат жиынында бұл іске қатысы барлардың ешқайсысының жазадан құтылмайтынын айтты. Облыстық білім басқармасы Талас ауданының әкіміне жауапты тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауы үшін арнайы хат жолдаған. «Бірақ әлі күнге дейін ешқандай жауап жоқ. Біздің білім басқармасы аудандық білім бөлімдерінің басшыларын жазаға тарталмайды. Ондай құқы жоқ. Сондықтан тек ұсыныс бере алады», дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова. Естеріңізде болса, бұл оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Ол Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен. Ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz