ҚАРАҒАНДЫ. 19 қаңтар. Қарағанды облысында жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен автобус жолаушыларын полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішікі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылорда-Павлодар тас жолында «Жезқазған-Қарағанды» бағытына қатынайтын жолаушылар автобусы Құлайғыр кентінің маңында жыраға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері старшина Бақтияр Әбжанов, аға сержант Мақсат Смаилов және аға лейтенант Әсет Нақыпбеков апатқа ұшыраған автобусқа көмек көрсетті. Көмекке келген арнайы көлікпен автобус ішіндегі жолаушылар аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: egemen.kz.