• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Өскеменде су төлемақысы арзандайды

291 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 19 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының орталығында су арнасы қызметінің тарифтері қайта қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап сумен қамтамасыз ету қызметінің бағамы қосымша құн салығын есептемегенде 3,9 пайыздан 5,5 пайызға төмендеді. Өскеменнің ұлттық баспасөз клубында өткен брифинг барысында «Өскемен Су арнасы» МКК мен «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС энергия өндіруші компаниясымен келісім бекіткені белгілі болды. Өскеменнің су тарту және сумен қамту жүйесін қамтамасыз етуге күнделікті 5,5 мегават электр қуаты жұмсалады. «Өскемен ГЭС-і жанымызда тұрғандықтан, тасымалдауға көп шығын жұмсалмайды. Орташа тарифтің шығындарын қайта есептегеннен кейін электр қуаты өткен жылмен салыстырғанда 1 кВт-қа төмендеді. Бұл халыққа арналған тарифті азайтуға мүмкіндік береді», – дейді «Өскемен Су арнасы» МКК директоры Ержан Әубәкіров. Нәтижесінде, 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында халыққа арналған сумен қамту бағамы 45 теңгеден 42,53 теңгеге дейін төмендесе, су тарту бойынша тариф 39 теңгеден 37,49 теңгеге дейін төмендеді. Ержан Әубәкіровтың айтуынша, ескі бағам бойынша төлемақы жасаған қала тұрғындарымен жаңа тариф бойынша есеп айырысу жүргізіледі. Айта кету керек, тарифтің төмендеуіне байланысты жеке су есептеу құралы жоқ бір адамнан алынатын төлемақы сумен қамту үшін 362,21 теңгені, су тарту үшін 453,39 теңгені құрайды. Төлемақының жалпы сомасы қос қызметтің 39,30 теңгеге төмендеуімен 815,60 теңгеге тең болады. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz.