• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

395 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 қаңтар. Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сәбилердің әке-шешесі ерлі-зайыпты Мәлік және Ақбибі Шықшабековтер балаларының атын Аяна, Даяна және Раяна деп қойды. Үшемнің біреуінің салмағы 2 150 кг болса, оның сіңлілерінің салмағы 2 050 кг болып туды. Сәбилер 3 қаңтарда дүниеге келді. Маңғыстау областық перинатальды орталығында 1 – 15 қаңтар аралығында 771 сәби дүние есігін ашты. Былтыр облыста 113 егіз, 3 үшем дүниеге келді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «MangystauOnline» ақпараттық орталығы.