• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды

275 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. Жапонияда әлемдегі ең қарт ер адам Ясутаро Коидэ 112 жасында қайтыс болды. Дәрігерлер өкпе қабынуы қарттың жүрегінің тоқтап қалуына әсер еткен деген диагноз қойды. Бұл туралы ВВС хабарлады. 1903 жылы 13 наурызда дүниеге келген Коидэ Гиннестің рекордтар кітабына өткен жылдың шілдесінде, жерлесі Сакари Момои қайтыс болған соң енді. Коидэ құрдасы Момоиден небәрі бір-ақ жас кіші болатын. Әлемдегі ең қарт әйел атағын америкалық Сьюзанна Мушатт Джонс ұстап келеді. Ол қазір 116 жаста. Ал осыған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген ең қарт адам франциялық Жанна Кальман болатын. Ол 1997 жылы 122 жасында қайтыс болды. Талғат Сүйінбай. Дерек: ВВС Сурет: АР