АСТАНА. 19 қаңтар. Перудің Хунин аймағында автобус апат болып, 16 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 10 жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл туралы rbc.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жолаушылар көлігі 35 метр биіктіктен құлады. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша, сағат 14:30 болды. Жүргізуші рөлге ие бола алмағанынан автобус Тарма өзеніне құлап кеткен.
Полиция қызметкерлері бұралаң жолда жүргізуші жоғары жылдамдықпен жүрген деген болжам жасауда.
Сержант Хосе Мендостың айтуынша, мерт болғандар саны алдағы уақытта әлі де өсуі мүмкін.
Аян Әбдуәли.
Дерек: rbc.ru.
Сурет: v-kurier.ru.