• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Оралда 22 қаңтарда Достық үйі ашылады

698 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 19 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында 22 қаңтар күні Достық үйі ашылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиевтің сөзіне қарағанда, нысанның құрылысына мемлекеттік бюджеттен арнайы трансфертпен 890 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың желтоқсан айында басталды. Ал енді үш күннен соң, яғни, 22 қаңтарда ашылу салтанаты өтеді жоспарлануда. 16 этномәдени орталықты біріктіретін бұл ғимарат Орал қаласының «Астана» шағын ауданында орналасқан. Ғимараттың ішкі және сыртқы көріністерінен алдағы күндері кеңінен ақпарат беретін боламыз. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.