• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Халктың соққысы 48 сағатта бір млн. дауыс жинады (+видео)

339 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 қаңтар. Ресейдің Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы сапында өнер көрсететін Бразилия құрамасының шабуылшы Халктың YouTube желісіне жарияланған бір соққысын 48 сағатта бір миллионнан астам адам көріп үлгерген. Бұл туралы Lenta.ru дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Видеода Халктың «Зениттің» қақпашысы Юрий Ладыгин қорғаған дарбазаға 11 метрлік айып соққысын ұрып жатқаны көрсетілген. Әуелі форвард соққы жасаған кезінде аяғындағы кебісі ұшып кетеді. Голкипер бұған қарап, аң-таң болып қалған кезде ол кідірместен допты қақпаға сарт еткізеді. Ролик Петербург клубының Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан кезінде түсіріліпті. Жалпы, Халктың «Зенит» клубы телевидениесінде жарияланған бұған дейінгі ең танымал видеосы 9,2 млн. адамның көруіне қол жеткізген екен. https://youtu.be/qzNMkVKuGws   Биылғы маусымда форвард 16 матчта 8 гол соғып, 11 рет нәтижелі пас берген. Чемпиондар лигасының осы жолғы 5 матчында 3 гол салып, 4 пас шығарған. Дамир Қожамқұл. Дерек, фото: Lenta.ru.