• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Үмітіміз – жаңаша ойлайтын жаңа Парламентте

194 рет
көрсетілді

Бүкіл әлемдегі, сон­дай-ақ, ТМД мен өз еліміздің ішіндегі соңғы дағдарыс мем­лекетіміздің алдында мүлдем тосын мәселелер туын­датты. Бүгінгі қа­­лып­тасқан осынау сая­­­си-экономикалық ах­­уалдың азаматтарды мүлдем басқаша, жаңаша ойлауға итермелеуі заңды құбылыс. Бар жайтқа жаңаша көзқараспен қарауға тура келеді. Сол себептен де қазіргі Парламент Мәжілісінің заман көшіне ілесе алуы екіталай. Олардың өз тарапынан ұсыныс дер кезінде түсті, Президент дер кезінде оны қабыл алды деп ойлаймын. Ендігі мәселе, менің өз ойым – жаңа сайланатын Мәжіліске ең алдымен елдің қамын қазіргі уақыт тұрғысынан ойлайтын, намысын жыртатын азаматтар сайлануы тиіс. Одан халық та, Үкіметіміз де ұтады. Ал енді он­дай болмаған жағдайда жаңа сай­­ланған Парламенттің өзі тығырыққа тіреліп қалары даусыз. Қазіргі әлемдік дағдарыстың елімізге тигізіп отырған бес батпан салмағы, оның қиындықтары Қазақстанның қарапайым тұр­ғындарынан бастап танымал сая­саткерлер мен қоғам қайрат­керлеріне дейін белгілі болып қал­ды. Демек, қазақстандық ар­манға бастайтын Ұлт Жоспарын жеделдетіп жүзеге асыратын ұлттық саяси реформалар қазіргі күрделі кезеңде өз жолын табуы үшін жаңадан сайланған халық қа­лау­лыларына – Пар­ламент мү­шелеріне ар­қа сүйейді. Эко­но­микалық реформалар жобасы да бұрынғыдан бетер ширай түседі. Жаңа Парламентте жаңа бағытты ту етіп ұстайтын, жоғарыда айтылған мүдделерді өз мүддесінен жоғары ұстап, алға қойған 15 азамат болса жетіп жатыр. Одан көп болса, бәрі бірдей солай ойласа, тіпті – игі. Сонда Парламентіміздің атқаратын қыз­меті де басқаша болады, уақыт көшінен бір қадам да қалмайды. Қазір бұдан 20-25 жылдағыдай емес, Қазақстанның еңсесі кө­терілді, көздеген мәртебесі де биік. Дүниежүзінің алпауыт мемлекеттерімен араласымыз күшейді, байланысымыз ны­ғайды. Сондықтан да алдағы уа­қытта мемлекетіміз әлемдік тә­жірибенің ең дұрысын таңдап, ең озығына ғана мойын бұруы керек. Тәуелсіз Қазақстан халқының – бәріміздің арманымыздың өзі сол емес пе?  Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, «Мысль» журналының бас редакторы, саясаттанушы.  АЛМАТЫ.