АСТАНА. 21 қаңтар. АҚШ-тың Нью-Мексико штатының басшылығы экологиялық талаптарды орындамағанына байланысты немістің әйгілі Volkswagen автоконцерніне айып тақты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
АҚШ-тың Нью-Мексико штаты Volkswagen автоконцерніне айып таға отырып, сотқа берген штаттардың біріншісі болды. «Әйгілі неміс компаниясы, оның АҚШ-тағы филиалдары, бөлімшелері экологиялық талаптарды азайтып көрсететін құрылғы орнатып, Нью-Мексиконың заңына қарсы әрекет жасады», – дейді штаттың бас прокуроры Гектор Балдерас.
Айта кетейік, АҚШ аймағына осындай ақаумен шығарылған 600 мың көлік сатылған. Тексеріс кезінде көліктен бөлініп шығатын қалдық адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, демікпе, өзге де респираторлы ауруларға алып келетіні анықталды.
Volkswagen компаниясының бұл олқылығына Еуропаның және Азияның бірқатар елдері тергеу жұмыстарын бастады. Ал Оңтүстік Корея мемлекеті осыған байланысты автоконцерн басшылығына 18 миллиард доллар көлемінде айыппұл салуы мүмкін.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: cars-daily.ru.