• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Көкшетауда инсультке қатысты күрделі операция тегін жасалады

216 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 21 қаңтар. Ақмола облысында тұратын инсульт диагнозды науқастар бұдан былай операцияны тегін жасататын болады. Бұл туралы «24.kz» телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы кезде дейін бұл операцияның құны 4 млн. теңгенің үстінде еді. Ал иИнсульттің алдын алуға көмектесетін мұндай күрделі ем-дом шаралары бұрын тек Астана және Алматы қалаларында ғана жасалатын. Көкшетау өңірінің дәрігерлері бұған Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығы өкілдерімен тәжірибе алмасу арқылы қол жеткізді. Мамандардың айтуынша, бұдан былай нейрохирургтар эндоваскулярлық әдіспен адамның бассүйегін бұрынғыдай ашпайды. Бұған қоса, оның тері де зақым көрмейді. Өйткені, операция пышақтың қатысуынсыз орындалады. - Ми қантамырларына операция жасау үшін бізге енді бір кішкене тесік қана жеткілікті. Сол арқылы арнайы құралдарымызды енгізіп, баста пайда болған артериалды аневризмді жабамыз. Операциядан кейінгі бейімделу кезеңі де тез өтеді. Бұл - дамыған елдердің тәжірибесі, - дейді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшеснің меңгерушісі Ерлан Аяғанов. Бақберген Амалбек. Дерек: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар