• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Бразилияда жеңілмоторлы ұшақ автокөліктің үстіне құлады

231 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 қаңтар. Бразилияның оңтүстігінде орналасқан Лондрина қаласында жеңілмоторлы ұшақ жолаушылар мінген көлікке құлап, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте нашар. Қайғылы оқиға ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезде болды. Ал көлік ішіндегі жолаушылар жақын маңайдағы автомагистральдың қызметкерлері. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Аян Әбдуәли. Дерек: Синьхуа. Сурет: lenta.ru.  
Соңғы жаңалықтар