• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Ақтөбелік ардагерлер бас қосты

296 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. Ақтөбе қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы қайта сайланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұйымның ХІ есеп беру-сайлау конференциясында қала әкімі Бекбол Сағын жергілікті атқарушы органдардың шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы және Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру барысындағы жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, қала басшысы Ақтөбе қаласында тұратын егде жастағы азаматтардың қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысатындықтарын атап өтті және ардагерлерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында бірлесіп, табысты жұмыстар атқару туралы тілегін жеткізді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Александр Прихно қалалық ардагерлер кеңесінің 2010-2015 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Бүгінде Ақтөбеде 20 мыңнан астам ардагерлер мен зейнеткерлерден тұратын 86 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Қалада және оған қарасты ауылдық округтерде 112 Ұлы Отан соғысының ардагері, 4173 тыл ардагерлері тұрады. Қалалық ардагерлер ұйымы қызметінің басты бағыттарының бірі – қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласу, ардагерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, мектептерде, музейлерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Александр Прихно (суретте) қайта сайланды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: aktobetimes.kz.