• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде облыстық мешіт жанынан хатымхана салынады

848 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. Ақтөбе қаласында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің маңынан шамамен мың орындық хатымхана салынады деп күтілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Жаңадан еңсе тіктейтін ғимаратта неке қию, сүндеттеу бөлмелері де болады. Сондай-ақ, Ақтөбеде «Нұр Ғасыр» мешітінің мұрындық болуымен көктемде республикалық деңгейде ақындардың имани айтысы ұйымдастырылмақ. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының айтуынша, жалпы дін қызметкерлері – уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық, діни сауат ашу сияқты төрт бағытта жұмыс істейді. Елдің, ұлт пен ұлыстардың бірлігін сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында насихат жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Ол облыс басшылығына мешіт жанынан хатымхана салу туралы ұсыныс жасап, эскиздік жоспарын әзірлеген. Жақында жобалық құжаттары дайын болады. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: muftyat.kz.