• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

Алматыда иллюзионистер бас қосты

383 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 22 қаңтар. Осы аптада Алматыда отандық иллюзия өнерінің өкілдері бас қосты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан фокусшылары үйірмесі ұйымдастырған бас қосуға иллюзия өнерінде 53 жылдан бері жүрген америкалық Джимм Браун келді. Алматыда осындай жиын өтетінін біле салып, Өзбекстанның үздік сиқыршыларының бірі Дмитрий Пояков та ұшып келген. Қаладағы «Созвездие» тренинг орталығында өткен кездесу біржағынан қазақстандық иллюзионистердің екінші съезі деуге де болады. Өйткені бұл жиынға еліміздің әр түкпірінен – Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Қостанай қалаларынан 15 иллюзионист келген. «Біздің Қазақстан фокусшылары үйірмесі 2012 жылы құрылған. Ұйымның 30 мүшесі болса, бүткіл елімізде бұл өнермен 50-ге тарта адам айналысады. Олардың кейбіреуі фокус көрсетуді хобби деп білсе, көпшілігі иллюзия жанрынан нанын тауып жеп жүр. Ал иллюзияның атасы деп есептелетін Джимм Браун менің де ұстазым», – дейді өнерпаз Жеңіс Айтжанов. Сонымен кездесуге келгендер арасында цирктің осынау ерекше жанрымен жаңадан айналысып жүргендер де, Кәрім Мұтырғанов, Камал Қоңқараев, Алтынай Байтоқанованың шәкірті Ләззат Байтоқанова сияқты танымал иллюзионистер де болды. Иллюзионистердің бейресми съезі кезінде Джимм Браун өз тәжірбесімен бөлісіп, жас фокусшылардың машығын жетілдіріп, жастардың өнерін дамытуға айтарлықтай үлес қосты, деп есептейді біздің жерлестер. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар