• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Кезектен тыс сайлау – кең мүмкіндік бастауы

260 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, сайлау барысында бай­қау­шылық қызмет атқаратын шет мемле­кеттердің, халықаралық ұйымдар­дың, шетелдік бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның өкілдеріне рұқсат беру жайы күн тәр­тібіне қойылды. Отырысты ашқан ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов күн тәртібіне екі мәселе шыға­ры­лып отырғанын айтып, алғашқы кезекте сөзді ОСК мүшесі Татьяна Охлопковаға ұсынды. Т.Охлопкова алдағы Пар­ла­мент Мәжілісі мен барлық дең­гейдегі мәслихаттар депутат­тарының кезектен тыс өтетін сайлауларында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың бай­қаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері қызметінің кейбір мәсе­ле­лері туралы қаулы жобасын ОСК мүшелерінің назарына ұсынды. Ол бойынша шет мем­ле­кеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушысы мен шетелдік БАҚ өкіліне жеке басын куәландыратын құжаты бар бір аудармашы ілесіп жүре алады. Сонымен қатар, шетелдік БАҚ өкілінің еліміздің Сыртқы істер министрлігінен алынған аккредиттелгені туралы куәлігі болуы тиіс. Ұсынылған қаулы мәтіні бірауыздан мақұлданды, ол бойынша шетелдік байқаушы үшін сауалдама мәтіні бекітіліп, оларды аккредиттеу мерзімі болып, 2016 жылдың 14 наурызы белгіленді. Екінші мәселе – шығып қалған сайлау комиссияларының мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді тағайындау бойынша ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов сөз алып, «Сайлау туралы» Заңның 19-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес, Ортсайлауком сайлау заңнамасында белгілеген тәртіп­пен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ж.Сариевті, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Р.Чагайды, Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп О.Сағымбекованы тағайындауды ұсынды. Ұсыныс бойынша да­уыс беріліп, аталған азаматтар шы­ғып қалғандардың орнына тағай­ын­далды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар