• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Қырағылықтары үшін – арнайы марапат

294 рет
көрсетілді

«Локомотив» – «Астана локомотив пайдалану депосы» АҚ-тың локомотив бригадасы филиалының машинистері Марат Сәттібаев пен Дәурен Рақымжанов теміржолдағы апаттың алдын алды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі. «Локомотив бригадасы локомотивтен кейінгі бірінші вагонның ақауы бар екенін байқап қалды. Машинист дұрыс шешім қабылдап, дұрыс іс-қимыл танытты», – деп атап өтті оқиғаға орай Астана локомотив пайдалану депосының директоры Мақсұт Ибраев. «Осы күні қатты жел соғып, қарлы боран ұйытқып тұрды. Бірақ біз бірінші вагонның шайқалақтап келе жатқанын көріп, жылдамдықты баяулаттық, ал Ирченко стансасына келген кезде вагонды ағытып тастадық», – дейді машинист Марат Сәттібаев. «Біз вагонның жолдан шығып кетуіне жол бермеуге тырыстық, өйткені, оның артынан құрамдағы басқа 73 вагон да шығып кетуі мүмкін еді. Сөйтіп, байланыс желісі мен теміржол рельсі зардап шегетіні түсінікті болатын. Осының салдарынан аталған учаскеде жүк және жолаушылар қозғалысы тоқтап қалатын еді», – дейді машинист. Оқыс жағдайда көрсеткен қырағылы үшін машинис­тер М.Сәттібаев пен оның көмекшісі Д.Рақымжанов Астана локомотив депосы басшылығының атынан алғыс хат пен ақшалай сыйлық алды.
Соңғы жаңалықтар