• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Жарлық қай жағынан да қолдауға лайық

350 рет
көрсетілді

«Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ атынан осы бірлестіктің президенті Нұрлан Ерімбетов «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлықты қолдайтынын мәлімдеді. «Депутаттардың кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасын Сіздің қолдауыңыз еліміздегі демократиялық үдерістер мен азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға кезекті мәрте серпін беретін болады. 2015 жылы Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында институттық реформаларды жүргізу үшін қуатты заңнамалық арқау қалыптастырылды. Ол үкіметтік емес ұйымдардың барлық деңгейде мемлекеттік шешім дайындау мен қабылдау жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуына кең мүмкіндіктер ашады», деп атап көрсетіледі Н.Ерімбетовтің мәлімдемесінде. Мәлімдемеде, сондай-ақ, аталған мүмкіндіктерді «Қазақстанның Азаматтық альянсы» Мемлекет басшысы ұсынған реформалар мен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысын қоғамдық бақылау кезінде пайдалануға дайын екені атап көрсетіледі. «Кезектен тыс сайлау өткізу туралы Сіздің шешіміңізді маңызды және уақтылы деп санаймыз және Қазақстан қоғамын жаңғырту жөніндегі барлық үдерістерде белсенді рөл атқаруға дайын екенімізді білдіреміз. Біз Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлаулары тұрақтылықты, азаматтық бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға оң ықпал ететініне сенімдіміз», делінген «Қазақстанның Азаматтық альянсы» президенті Н.Ерімбетовтің мәлімдемесінде.
Соңғы жаңалықтар