• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бастама

190 рет
көрсетілді

Бүгiнгi таңда бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бiрлiктi нығайтудың қоғам мен мемлекеттiң, елiмiздiң барша азаматтарының күш-жiгерiн жұмылдыру жолында маңызы зор. Осыған байланысты, еліміздің заң шығару тетігі болып табылатын Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа мүшелерін сайлауды халық мүддесiне сай келетiн ең дұрыс шешiм деп санаймын. Бұл – тәуелсiз елдiң болашағы үшiн жасалатын маңызды қадам. Бұл бастама ендігі шешушi кезеңде бiздiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге баса назар аударып, мемлекеттiк стратегиялық бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыруға, жаңа мүмкiндiктерге жол ашады деп сенемiн. Рахман АЛШАНОВ, «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы.  
Соңғы жаңалықтар