• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

АҚШ-тың 11 штатында төтенше жағдай жарияланды

284 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 қаңтар. АҚШ-тың Шығыс жағалауында толассыз жауған қардан 11 штатта төтенше жағдай жарияланды. Кешеден бері тұрақсыз ауа райы салдарынан 9 адам қаза тауып, 7,1 мың авиарейс кейінге қалдырылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Солтүстік Каролина штаты мен ел астанасы – Вашингтон қаласындағы ірі аэропорттардың жұмысы кешеден бері тоқтап тұр. Сондай-ақ, Вашингтонда дүйсенбіге дейін барлық қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды. Аталған қала мен Виргиния, Мэриленд штаттарында мыңдаған техника қар тазалауға жұмылдырылды. Алайда, қар басқан көшелерді толық тазалау мүмкін болмай тұр. Бастапқыда мамандар Вашингтонда қардың қалыңдығы 60 см-ге дейін жетеді деп мәлімдеген. Дегенмен, толассыз жауған қар оларды болжамдарын 90 см-ге дейін жетеді деп өзгертуге мәжбүр етті. Одан бөлек, тосын табиғат салдарынан Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарын су басу қаупі төніп тұр. Сондай-ақ, Виргиния штатында төтенше жағдайдан 989 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өткен жөн. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: Reuters.