• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2016

«Нұр Отан» сайлауалды бағдарламасын талқыға салды

353 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 24 қаңтар. Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Бұл туралы облыстық бөлімше баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Отырысты облыстық бөлімше төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов ашып, жүргізіп отырды. Ол өзінің кіріспе сөзінде бағдарламаның партия мүшелері мен уәкілетті органдардағы депутаттардың жақын арадағы бес жылдағы жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтауы керек екенін айтты. Жиында саяси кеңес мүшесі Ирина Жукова, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Елубаев, Қорғалжын ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Шалғынбаев, «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киіков, партия және еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зура Шуатаева сөз сөйлеп, бағдарламаны толық қолдайтындарын білдірді. Отырыс барысында сондай-ақ қаңтардың 29-ында Астана қаласында өтетін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезіне делегаттар сайланды. Аймақ атынан бұлжиынға 37 партия өкілі қатысатын болды. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық бөлімшесінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар