АСТАНА. 24 қаңтар. Башқұртстанның астанасы - Уфа қаласында зейнеткер 6 жасар немересіне 20 жерден пышақ сұғып алған. Алайда, ауыр жарақаттанған бүлдіршінді дәрігерлер өлім аузынан аман алып қалды. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, 62 жастағы зейнеткер мас күйінде кішкентай немересіне пышақ ала жүгіріп, 20 жерден жарақаттап тастаған. Абырой болғанда, бала дәрігерлердің көмегімен аман қалды.
Қазіргі таңда жәбірленуші қалалық ауруханада. Ал тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сондай-ақ, күдікті уақытша қамауға алынған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат»