АСТАНА. 24 қаңтар. Қытайдың оңтүстік-батысында Юньнань провинциясына қарасты Линьцан қаласында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Сондай-ақ, 17 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жол апатынан зардап шеккендер жақын маңайдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың денсаулықтары жайлы нақты ақпарат жоқ.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, автобус провинцияның әкімшілік орталығынан Мэндин елді-мекеніне бағыт алған. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: lifenews.ru.