• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2016

Жапонияда толассыз жауған қардан 5 адам қаза тапты

309 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 қаңтар. Жапонияда толассыз жауған қардан 5 адам қаза тауып, 200-ден астам тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Жапония аймағындағы 20 префектурада болды. Тұрғындардың көбі бұлшық етінің созылуы сияқты жарақаттар алды. Қазірге дейін осыған ұқсас 214 жағдай тіркелді. Нагасаки, Симанэ қалаларын қосқанда, 6 аймақта электр желісінің істен шығуынан жалпы саны 1,5 мыңнан астам тұрғын үй жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлығы 500 әуе рейсі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, дүйсенбі күнгі жоспарға да кері әсерін тигізуі мүмкін. Жапонияның  ұлттық метереологиялық басқармасы Кагосима аймағында орналасқан Осима аралында соңғы 115 жыл ішінде алғаш рет қар жауғанын мәлімдеді. Аталған жерде 1901 жылдың 12 ақпанынан бері мұндай оқиға болмаған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ntv.ru.
Соңғы жаңалықтар