• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2016

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 67 жылдан кейін қар жауды

293 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 қаңтар. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы Гуанчжоу қаласында соңғы 67 жыл ішінде алғаш рет қар жауды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, аталған аймақта 1949 жылдан бері мұндай жағдай болмаған. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала билігі аяздың ең қауіпті деңгейі «қызыл» дәрежесін қабылдады. Қазіргі кезде Гуанчжоуда ауа температурасының орташа көрсеткіші нөл Цельсий градусты көрсеткенімен, қала халқы үшін бұл қауіпті болып есептеледі. Осыған байланысты басшылық тұрғындарға жылы киінуді, ал жүргізушілерге аса сақ болуды ескертті. Ауа райының күрт бұзылуы әсіресе тұрғындар мен қоммуналдық қызметкерлерге кері әсерін тигізуде. Өткен сенбіде, яғни 23 қаңтар күні он екі бірдей ауа райын болжау станциясында тарихтағы ең суық күн тіркелді. Аспанасты елінің астанасы Пекинде -17,4 Цельсий градус болса, қала аймағындағы елді-мекендерде -29,8 Цельсий градусқа дейін барды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.
Соңғы жаңалықтар