• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Атырауда жанармай көлігі жарылып, жүргізуші қаза тапты

253 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 25 қаңтар. Атырауда жанар май тасымалдайтын «КамАЗ» көлігінің 30 тонналық бөшкесі дәнекерлеу кезінде жарылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға Атырау қаласына таяу орналасқан Геолог-2 елдімекенінде болды. Оған «КамаАЗ» көлігінің 30 тонналық бөшкесін дәнекерлеу жұмысы себеп боған. Дәнекерлеуді көлік жүргізушісінің өзі жасаған. Алайда, бөшкедегі газ-ауа қоспасы жарылып, қызыл жалынға ұласқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен жеке құрамдағы 7 өрт сөндіруші 2 техниканың көмегімен өртті жарты сағатқа жуық уақытта сөндірген. Көлікті жүргізуші әрі өрттің шығуына себеп болған дәнекерлеу жұмысын жасаған азаматтың 1962 жылы туғаны анықталып отыр. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.