АСТАНА. 25 қаңтар. Тайванда өткен демалыс күндері ауа райының күрт суытуына байланысты 85 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі солтүстік бөліктегі Таоюань уезді мен Тайбэе қалаcының тұрғындары. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соңғы он жыл ішінде болмаған аяздан аралдың таулы аймақтарында толассыз қар жауды. Ал Тайбэе қаласында жексенбі күні ауа температурасы Цельсий бағамы бойынша 4 градус жылылықты көрсетсе де, тұрғындар үшін қауіпті болып есептеледі. Соңғы 43 жыл ішінде маңайда мұндай төменгі ауа көрсеткіші болмаған.
Ауа райының қолайсыздығы Гонконг қаласына да кері әсерін тигізуде. Бірер күн бұрынғы көрсеткіш 3 Цельсий градус жылылықты көрсетті. Мамандардың айтуынша, Қытайдың оңтүстігіндегі субтропик аймаққа жататын қалада 60 жылдан бері мұндай салқындық болмаған. Осыған байланысты 60-тан астам тұрғын ауруханаларға жатқызылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: slawyanka.info.