• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

«Атырау» футбол клубы франциялық қорғаушымен толықты

211 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 25 қаңтар. «Атырау» футбол клубы биылғы алғашқы келісімшартты франциялық қорғаушы Абдель Азиз Ламанж Нгапумен жасады. Бұл туралы аталған клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Страсбург қаласындағы футбол мектебінен тәлім алған қорғаушының жасы – 25-те. Оның алғаш алаңға шыққан кәсіби футбол клубы – «Гренобль» болса, кейін Ресейдің «Шинник» командасында 2011-2013 жылдары ойнаған. Бұдан соң Волгоградтың «Ротор» командасына ауысқанымен, «Шинникке» қайта оралуға шешім қабылдапты. Енді ол өзі үшін төртінші команда – «Атырау» футбол клубының намысын қорғайтын болады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар