• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Құзға өрмелеушілер Таиландтың шыңын бағындыруда

262 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 қаңтар. Қазақстанның құзға өрмелеушілері, Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері кіші сержанттар Артем мен Никита Девятериковтар оқу-жаттықтыру жиынына қатысуда. Жаттықтырулар әлемдегі құзға өрмелеуге арналған ең танымал орындардың бірі – Таиландтағы Краби қаласының Тонсай аралында өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабаралды. Спортшыларымыз Қазақстанның құрамасында жаттығуда. Бір айлық оқу-жаттықтыру жиынында армияшыларымыз бастысы 8 (а)-дан бастап 8(с)-ға дейінгі санатта неғұрлым күрделі бағдарларды өтуді қалайды. «Бүгінгі таңда спортшылар жиын тапсырмасын 50 пайызға орындады», деп Армия орталық спорт клубында атап өтті. Кіші сержант ағайындылар Артем мен Никита Девятериковтар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Олар Алматыдағы «UP&UP» – 2015 қысқа, күрделі тас жолдар сериясымен  боулдеринг – құзға өрмелеуден халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетуінің арқасында жиынға қатысуға мүмкіндік алды.   Күрделі тас жолдарды еңсере отырып, спортшылар сайыстың мықты қатысушыларының бірі ретінде Таиландта өтетін жиынға жолдама алды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.