• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асты

290 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 25 қаңтар. Апта соңында Алматының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өткен жиында Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асқаны туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мегаполис бүкіл еліміз бойынша республикалық ішкі жалпы өнімнің бес бөлігін, барлық салық түсімінің 27 пайызын, көтерме сауданың 48 пайызын, бөлшек сауданың 23 пайызын, сыртқы сауда айналымының алты бөлігін, екінші деңгейлі банктердің несие портфелінің 60 пайызын қамтамасыз етеді. Алматының негізгі табыс көзі – кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Олар ішкі өңірлік өнімнің 25 пайызын, салық және басқа да төлемдердің 43 пайызын береді. Сол сияқты Алматыда әлеуметтік салаға тұрақты көңіл бөлініп, нақты шаралар атқарылуда. Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке серіктестік әріптестік аясында 25 балабақша салу жоспарланған. Және балабақша жетіспеушілігін жою үшін бос коттедждерді балабақшаға көшіру жұмыстары қолға алынды. Бұған қоса 2015 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда 108 балалардың ойын алаңдары салынды. 2016 жылы осындай тағы да 150 алаң салу жоспарлануда. Алатау ауданында Универсиада нысандары бой көтереді, 12 мың орынды Мұз сарайы, атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мың орынды Мұз аренасы салынуда. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар