• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Португалияда жаңа президент сайланды

416 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 қаңтар. Португалия президенті болып консерватор Марсело Ребело ди Соза сайланды. 24 қаңтар, жексенбі күні өткен сайлауда ол 50 пайыздан көп дауыс жинап, бірінші турдың өзінде қажетті көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Euronews телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ребело ди Созаға Социал-демократиялық партияның оңшыл-центристері қолдау білдірді. 1990 жылдары ди Соза аталған партияның жетекшісі болды. Сондай-ақ, 67 жастағы Португалияның жаңа президенті бұрын Лиссабон университетінде құқық саласы бойынша дәріс оқыған. Ал соңғы жылдары ол Португалия телевизиясындағы ең танымал саяси сарапшылардың бірі болды. Сайлауда 22 пайыз дауыс жиған Антонио Сампайо да Новоа екінші орын алды. Бұрын Лиссабон университетінің ректоры болған 61 жастағы саясаткерді Португалияның үш бірдей бұрынғы президенті қолдағанын атап өткен жөн. Үшінші орынға ең жас үміткер, 39 жастағы Мариза Матиаш табан тіреді. Айта кетейік, Португалияның жаңа басшысы алдағы наурыз айының соңында қызметіне кіріседі. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Euronews.
Соңғы жаңалықтар