АСТАНА. 25 қаңтар. 27 қаңтар күні «Шалқар» радиосы мен «Алау» мұз айдыны сарайының ұйымдастыруымен алғаш рет БАҚ өкілдері арасында конькимен жүгіруден жарыс өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Шалқар» радиосының 50 жылдығы және «Алау» мұз айдыны сарайының 5 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылып отыр. Жарыс «Алау» мұз айдыны сарайында сағат 12:00-де басталады. Жеңімпаздар қомақты сыйлықтармен марапатталады.
Былтыр Астанада алғаш рет журналистер арасында «Қазконтент» АҚ ұйымдастыруымен асық атудан жарыс өткен болатын. Мұның алдында Астаналық саябақта шаңғыдан сайыс өтті. Содан кейін «Думан» ойын-сауық орталығы боулингтен турнир өткізді. Қазір коньки тебуден жарыс өткізуді қолына қалам мен микрофон ұстаған әріптестеріміздің барлығы қолдап отыр.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Шалқар» радиосы.
Сурет: egemen.kz