• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Алматы облысында балабақшалар көбейіп жатыр

259 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 қаңтар. Алматы облысында Алматы облысында жекеменшік балабақшалар  көбейіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке жарқын жол ашылғаны бизнесмендер белсенділігін   арттырып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға елеулі ықпал етуде. Нақтылай  түссек,  Ұйғыр ауданындағы 13 балабақшаның 10-ы жекеменшік болды. Өңірдегі  Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге заңнама  шеңберінде қолдануға болатын мемлекеттік қолдауларды түсіндіріп, құжаттар жинақтауға жәрдем жасауда. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың саны артып, балабақшалар қатары көбейе түсуде. Жалпы, өткен жылы облыстың әр аймағында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыс негізінде 84 заманауи балабақша ашылды. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, сурет: egemen.kz